«Өлеңмен өрілген ғұмыр» атты әдеби-жыр кеші


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен       Ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген ғұмыр» атты әдеби-жыр кеші кітапхана оқырмандары А.Тоқмағамбетов атындағы №135 мектептің 8,7 6 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты барлығы 26 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Төлеген Айбергеновтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып,ақынның өмір жолымен таныстырып өтті. Ақын Т.Айбергеновтың халық поэзиясында үлкен орны бар екенін атап айтты.Ақынның туғызған құдіретті жырлары тыңдаушысы мен оқушысын әрдайым тамсандырған-дей отырып ақын Т.Айбергеновтың өлеңдерін-әндерін орындаған оқушылар: «Шабыт»поэзия клубы мүшелері «Туған еліме», «Қазақстан», «Бір тойым бар»,«Адамдар» т.б өлеңдерін ектеп оқушылары Мұратова Алина, «Ерғазиева, Оразалы Наурызбай, Базарбаева Ақниетер мәнерлеп оқып берді..Ақын Мұхтар Шахановтың «Айбергенов шыңы»арнау өлеңін 8 сынып оқушысы Тұрсынбекова Гүлмира жатқа айттты. Қазақ тіл әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Жазира сөз алып, Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу,туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру екендігін атап айтты. Кеш соңында кітапханашы «Жан еді өлең үшін дара туған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,әдебиеттерге шолу жасалды.