«Өлеңінен керемет сыр өрілген» атты әдеби-жыр кеші


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модульді кітапхананың ұйымдастыруымен Балалар ақыны Адырбек Сопыбеков туғанына 80 жыл толуына орай «Өлеңінен керемет сыр өрілген» атты әдеби-жыр кеші кітапхана оқырмандары А.Тоқмағамбетов атындағы №135 мектептің 4,5,6 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты барлығы 28 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Балалар әдебиетінің жанашыр қаламгері туралы дәріптеу. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып,ақынның өмір жолымен таныстырып өтті. Балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін баспалдақ болады. Балалар әдебиеті ертегілерден бастау алып- қазақтың ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған қазына. Жасөспірімдерді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді-деп отырып Балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың өлеңдерін орындаған оқушылар: «Домбыра» 5 сынып оқушысы Ажарова Бағжан, «Ағалар» 5 сынып оқушысы Ахметбек Әсет, «Ғажап аспан» 4сынып оқушысы Рүстембекова Тоқжан, «Қызыл шие» 4сынып оқушысы Мұратова Наргиза, «Ұстаз» 5 сынып оқушысы Саханұлы Ерхан, «Сапар мен парта» мысалын орындаған 5сынып оқушылары Рүстембекова Тоқжан мен Ахметбек Әсет. «Шабыт»поэзия клубы мүшелер 5сынып оқушысы Нұғмаділла Нұржан «Біз бақытты баламыз» атты өлеңін орындаса, 5сынып оқушысы Әділбек Диас «Біздің Отанымыз»атты өлеңін жатқа орындады. Сөз кезегі кеш қонақтарына берілді қазақ тіл әдебиетінің мұғалімі Жакупова Мөлдір сөз алып, балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбие негіздерін қалыптастыру екендігін атап айтты. Кеш соңында кітапханашы «Балалардың сүйікті ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.