«Өлеңінен керемет сыр өрілген» әдеби кеші


А.Тоқмағамбетов ауылдық модульді кітапханасында ақын Адырбек Сопыбековтың туғанына 80 жыл толуына орай «Өлеңінен керемет сыр өрілген» әдеби кеш мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары арасында өткізіліп,барлығы 16 адам қатысты. Мақсаты: Аса көрнекті қаламгер,балалар ақыны А.Сопыбековтың балаларға арналған шығармаларын оқырман қауымға оқып таныстыра отырып, жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу,әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. «Балалар әдебиетінің бағбаны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.