«Өмірдің нәрін өлеңмен тапқан ақын» атты әдеби-жыр кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақын,жазушы Зейнолла Шүкіровтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өмірдің нәрін өлеңмен тапқан ақын» атты әдеби-жыр кеші мектеп оқушылары арасында өткізіллі. Мәдени шараның мақсаты: Оқушыларды ақын өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен айтып насихаттап жеткізу болды. Ақынның өмір жолдары, қайтпас қайсарлығы және теңіз, Отан, сағыныш, табиғат туралы өлеңдерімен таныстыру. Бір топ оқушылар ақын туралы айтылған өлеңдерден үзінді оқу. Мектеп оқушылары ақын туралы өлеңдерін оқып, ақын туралы айтылған «Зейнолла біртуар талант», «Ол жұлдыз болып жанды да, жұлдыз болып қалды да», «Бөгеннен ұшқан бұлбұл» атты тақырыптарда қазақ халқының ақын – жазушылардың ой- пікірімен, естеліктермен таныстыру. Оқу залында мәдени шараның соңында арнайы ұйымдастырылған «Бір жұлдыз болып қалған талант» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.