«Өскелең ұрпақты діни экстремизм мен терроризм иделогиясынан сақтандыру жолдары» атты пікір – алмасу кеші


Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен         «Өскелең ұрпақты діни экстремизм мен терроризм иделогиясынан сақтандыру жолдары» атты пікір – алмасу кеші болып өтті. Мәдени шараға кітапхана қызметкерлері, №35 мектептің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Мәдени шараны кітапхана директоры Г.Нұржакиева кіріспе сөзбен ашып, Қазақстанда көптеген конфессиялар мен өзге ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүріп жатқанын, дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өтпегенін айтып өтті. Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Сырдария ауданы бойынша теолог маманы Бұқарбаев Қанат Өмірбекұлы Елбасының «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегеніндей мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін туған еліне,жеріне,Отанына деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі екендігін айтып,еліміздегі ауызбіршілік, елжандылық,адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі дініміздің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстау керектігін түсіндірді.Сонымен қатар жас өскіндердің көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзіміздің қасиетті ислам дінімізді ұстанатын қазақтың инабатты ұл-қыздары болып өсетіндеріне сенімінің зор екенін айта отырып, сөзін қорытындылады.