Ел дамуының басым бағыттарын айқындаған Жолдау


Сырдария аудандық орталық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтардағы халыққа жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында ақпарат сағаты кітапхана қызметкерлерімен өткізілді. Сырдрия аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұржакиева Гүлстан Сансызбайқызы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз жолдауын арнап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына басты бағыттарын белгілеп келетінін, нәтижесінде егемен еліміз әрқашан жаңа биіктерді бағындырып, бүгінгі күні «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдаған, ең дамыған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мемлекетке айналғандығымызға тоқтала кетті. Сөз барысында мекеме басшысы Елбасымыздың өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделудің жаңа табысқа жетудің  10 міндетін  айтып  өтті.  Аудандық кітапхана қызметкерлері  И.Қартбаева,  Ә.Қосымова, С.Сейтен, З.Бакова,  Г.Асановалар Елбасының биылғы жолдауы-заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында жұмылдыратын, әрбір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат екені жөнінде айтып өтті. Тапсырылған міндеттердің ішінде ең алдымен индустрияландыруға, әсіресе кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға айрықша назар аударылып отыр. Осы орайда кітапхана қызметкерлері Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін де өсіп –өркендеген елге айналатынын нық сеніммен айтты