Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы жарияланды.


Елбасының биылғы жолдауы-еліміздің өркендеу жолындағы осыған дейінгі ұсынылып, жүзеге асырылып жатқан қарқынды реформалардың, атап айтқанда, «Мәңгілік ел», «100 нақты қадам», «Ұлт жоспары», «цифрлы Қазақстан» бағдарламаларының заңды жалғасы.Сонымен  қатар Елбасының  Жолдауы елімізге төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайын дамытуға арналды, оны жүзеге асыруға бағытталған 10  басым міндетті анықтап берді. Мемлект басшысы қойылған міндеттердің әрқайсысына дәл түсініктеме бере отырып, оның болашақтағы тиімділігі мен нәтижесіне тоқталған. Сондай-ақ онда ел дамуының әр саласындағы өзекті мәселелерді қамтыған.       Сырдария аудандық орталық кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына  жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  деп аталатын  Жолдауын насихаттау  барысында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел ардагер ұстаздар, дәрігерлер, аудандық жастар ресурстық орталығынан мамандар және кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Ардагер  ұстаз Үмбетаева Роза:  Елбасы жолдауында төртінші өнеркәсіптік  революция дәуіріндегі бүкіл жаңғыруымыздың негізі-адам капиталы екендігіне  баса назар аудара отырып, білім мен ғылым саласының сапалық тұрғыдан дамуына ерекше мән беріп отыр. Инемен құдық қазғандай еңбек ететін мұғалімдердің мәртебесін көтеру,олардың білімдерін жетілдіру,яғни өмір бойы оқу арқылы бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу міндеті қойылғандығын айтып өтті.  Облыстық  ЖИТС орталығының Сырдария ауданы бойынша дәрігері Оразбаева  Ақжарқын және облыстық жастар денсаулығы орталығының Сырдария ауданы бойынша маманы Жаналиева Гүлзат  Елбасы Жорлдауында «Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады делінген. Ауданымыздың денсаулық сақтау саласы  аудан халқына сапалы медициналық қызмет көрсетуде барлық шараларды іске асырып жатқандығын, медицинаның барлық салалары бойынша кеңес беретін  денсаулық мектептері ашылып жұмыс жасап жатқандығын айтып өтті.Мұнда тұрғындар медицина саласына қатысты өздерін мазалаған кез келген мәселе  бойынша толық ақпарат алып,дәрігерлер кеңесіне жүгіне алатынын жеткізді. Бұл өз кезегінде Жолдаудың 7-ші міндетінде айтылған дені сау ұлт болудың жолында жасалып жатқан ауқымды жұмыстар екенін атап өтті. Үстіміздегі жылы жарияланған дәстүрлі Жолдау елімізде индустрияландыру жұмыстарын жалғап,барлық салада цифрландыру жұмыстары жүргізілетінін айтты,Оның ел  дамуына септігі зор. Себебі, қазіргі жедел дамыған ақпараттың қоғамда заман ағымына ілесу баршаға міндет. Электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат-халыққа сапалы қызмет көрсету Қазігі таңда ақпарат жеткілікті болса әркім өз қажет ақпаратты дер кезінде электронды түрде ала алады.Қазірдің өзінде интернеттің көмегімен темір жол, әуебилеттерін сатып алу, коммуналды төлемдерді, қаржы аударымын электронды түрде төлем жасау кеңінен қолданыста. Бұрынғыдай кезекте тұрып,билет алу үшін уақыттарын жоғалтпайды. Сондықтан да Елбасы Жолдауындағы басты міндеттер халықтың әл-ауқатын арттырып,қазақстандықтардың ақпараттық заманға лайық болуын қамтамасыз етпек- деп ЧАЭС апаты зардабын жоюға қатысқандардың төрағасы Жантугелов Биболат өз ойын ортаға салды.