«Дамудың даңғыл жолындағы Қазақстан» (экспресс шолу)


Аудандық балалар кітапханасының  оқу залында 2018 жылғы 10 қаңтарда  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына Жолдауын  таныстырып насихаттау мақсатында «Дамудың даңғыл жолындағы Қазақстан» атты экспресс шолу 8 сынып мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында өткізіліп, барлығы 12 адам қатысты.

       Мәдени шараның негізгі мақсаты: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесінде Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алып, еліміздің 2050 жылға қарай ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылып, жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында реформалар жүргізіліп жатқандығын, индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылып, рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп, елімізде  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданғандығын айту.  Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елімізді  төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайында дамытуға арналғандығын және де алдымызда жүзеге асыратын негізгі міндеттері жайында оқырмандарға айтып насихаттап жеткізу болды.