Ел дамуының еңселі бағыты


Сырдария аудандық орталық кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  жолдауын насихаттау мақсатында «Ел дамуының еңселі бағыты» тақырыбында тақырыптық кеш өткізілді. Мекеме басшысы  Гүлстан Сансызбайқызы: «Елбасы Жолдауының ұсынылған ел дамуының басты бағыты – цифрландыру, яғни, Қазақстанды жаңа әлемдегі көшбасшы елдердің қатарына кіргізу үшін өмірдің барлық саласына цифрлық технологияны белсенді енгізу. Мемлекет басшысының жолдауында дәстүрлі әлеуметтік даму мәселелері де назардан тыс қалмады. Қазіргі таңда әлеуметтік салада  цифрлық технологияларды  дамытудың маңызы зор. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу,  алдыңғы қатарлы білім жүйесін құру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, халықтың сапалы жұмыспен қамтылуы – мұның бәрі міндетті түрде біздің халықтың маңызды өмір сүру деңгейін көтеретіні анық екенін айта келе кітапхана саласында да көптеген жұмыстар жолға қойылғанын, кітап қорын электронды каталогке енгізілу аяқталып, өлкеміздің ақын-жазушыларының әдебиеттерін  сандық жүйеге енгізілуде, сонымен қатар кітапхана ісіне жаңа технологияны енгізе отырып, қарқынды жұмыс жасалып жатқандығын айтып өтті. Әдістемелік бөлім қызметкері Қосымова Әсем Елбасының Қазақстан халқына жолдауын толық қолдайтындарын білдіріп және жолдауды басшылыққа ала отырып, Қазақстан мемлекеті үлкен табыстарға қол жеткізеді деп қорытындылады. Кітапханашы Г.Әбенова   «Елбасы жолдауы-жаңғыру жолы» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.