«Бар жақсымыз балаға болсын» атты тақырыпта жерлесіміз, балалар жазушы, журналист, әдебиеттанушы Нұрхан Жанаевтың (17 қаңтар, 1933 жылы) 85 жылдығына орай бір ақын сағаты өткізілді


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  кітапхананың  оқу залында 2018 жылдың 7 ақпан  қуні  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Туған жер» атты жобасы аясында және Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай  «Бар жақсымыз балаға болсын»  атты тақырыпта жерлесіміз, балалар жазушы, журналист, әдебиеттанушы  Нұрхан Жанаевтың (17 қаңтар, 1933 жылы) 85 жылдығына орай өміржолы мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында бір ақын сағаты №210 мектебінің  оқушылары, ұстаздары, БАҚ өкілдері арасында өткізіліп, барлығы 27 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты:  Өскелең жас ұрпақты өмірге бейімдеу, жан – жақты көзқарасын қалыптастыру, өз ұлтының әдебиетіне, кітапқа  деген сүйіспеншілігін арттыру.  Балаларға арнап қалам тербеген  жазушының мол мұрасы жұмбағы мол әлем екендігін, ол бала болып сөйлеп, өмірді балаша пайымдап, нешебір қарадомалақ балалар мінезін өмірге әкелгендігін айтып насихаттап жеткізу. Сан қырлы балалар жазушысы, журналист, жерлесіміз Нұрхан Жанаевтың  өмірі мен шығармашылық жолымен, оның еңбектерімен кеңінен таныстырып насихаттау.  Мектеп оқушыларын жазушының «Қазақстан», «Туған жерге», «Сырдария», «Ұстаз» , «Ана», «Ана тілі», «Балалық», «Шыбық ектік», «Тырналар», «Сағат» өлең-жырларын мәнерлеп жатқа оқыту, балаларға автордың санамақ ойындарын ойнатып, жаңылтпаштарын айтқызып, жұмбақтарын жасырып жауаптарын тыңдау болды.  Ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен мән – мағынасын түсіндіру мақсатында «Өнерлі жігіт» аңызы  негізінде сахналық қойылым ұйымдастыру. Алдағы уақытта өскелең жас ұрпақты  ақын-жазушының  шығармаларын оқуға шақыру. Кітапхананың оқу залында арнайы ұйымдастырылған  «Балалар бағының бағбаны» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасап таныстыру.