«Қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыз» атты тақырыпта 9 ақпан-Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия кеші өткізілді


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  кітапхананың  оқу залында  «Қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыз» атты тақырыпта  9 ақпан-Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған  поэзия кеші №210 мектебінің оқушылары, ұстаздар, ата-аналар, БАҚ өкілдері арасында өткізілді.

Мәдени шараның мақсаты:  Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір жолын, шығармашылығын оқушыларға таныстырып насихаттап жеткізу. Ақын өлеңдері арқылы  өскелең жас ұрпақты  Отанға, халқына, туған тіліне, әдебиетіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу. Мектеп оқушыларын ақынның өлең-жырларын жатқа оқыту, кітапқа, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.   Арнайы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған  «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, әдебиеттерге шолу жасап таныстыру.