«Латын әліпбиіне көшу – әлемдік өркениетке ілесу» атты тақырыптық кеш өткізілді.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Сырдария аудандық орталық кітапханада «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік өркениетке ілесу» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мәдени шара ұстаздар, №35 мектеп оқушылары, мұражай қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Кітапхана қызметкері Р.Құлмаханова көреген көшбасшының латын əліпбиіне көшу арқылы озық ойлы идеясына үлес қосатындығын, еліміздің рухани жаңғыруының негізі болып табылатынын жеткізді. Кеш конағы, кітапхананың белсенді оқырманы М.Елеусинов латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатынын айтып өтті. «Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздігіміздің тұғыры» тақырыбында кітап көрмесі жасалып, таныстырылды.