«Өр кеудесін отқа төсеген – қайран ерлер» атты дөңгелек үстел


Қазақ халқының мемлекет болып қалыптасу жолында небір шайқасты,  тар жол тайғақ кешуді бастан кешіргені анық. 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпанына дейін он жылға созылған Ауғанстандағы соғысқа мыңдаған қазақстандық жауынгер қатысқан. Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толды. Ұрыс даласындағы қанды шайқаста құрбан болған боздақтар өз елінің, өз Отанының патриоттары еді.

Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриотық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру мақсатында  Сырдария аудандық орталық кітапханада «Өр кеудесін отқа төсеген – қайран ерлер» атты дөңгелек үстел басындағы кездесу кеші өткізілді.  Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагерлері және №36 мектеп оқушылары, ұстаздар, кітапхананың тұрақты оқырмандары, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуде  Ауған соғысы туралы слайд көрсетіліп, «Ел үшін отқа түскен қыран ерлер» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кеш қонақтары өздерінің әскери қызмет атқарған кездеріндегі оқиғаларды еске ала отырып,  әскери жолдастарымен кездесіп тұратындары жайында әңгімеледі. Ардагерлерге арнап мектеп оқушылары патриоттық өлеңдерді мәнерімен жатқа оқып, әндер  орындады.  . Кездесудің соңында ардагерлер  жас жеткіншектерге  Отанымыздың адал патриоттары болуларына тілек білдірді.