“Сыбайлас жемқорлық-қазіргі заман дерті” атты атты дөңгелек үстел


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру мақсатында “Сыбайлас жемқорлық-қазіргі заман дерті” атты атты дөңгелек үстел басындағы кездесу кеші мектеп оқушылары арасында өткізіліп, БАҚ өкілдері, Сырдария аудандық Нұр-Отан филиалы жанындағы Сыбайлас-жемқорлыққа күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрсейітов Шаһарбек қатысты.

       Мәдени шараның мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық тәрбие беру. Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Мәдени шарада арнайы «Өркендеуші ел-сыбайлас жемқорлықсыз ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.

Мәдени шара барысында жоспар бойынша төмендегідей тақырыптар мен сұрақтар талқыланды:

 «Сыбайлас жемқорлық» -деген не?

  1. Жемқорлықтың пайда болуымен күресу.
  2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамалары
  3. Қазақстандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» шаралары мен әдістері