«Алғыс айту – парызым» 1 наурыз Алғыс айту күніне орай балалар ертеңгілігі


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  оқу залында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым» атты балалар ертеңгілігі мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, БАҚ өкілдері арасында өткізілді.       Мәдени шараның мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Ризашылық өлең-жырлары мен  шумақтарын оқыту. Оқушылар тізбектеліп, бір-бірлеріне тілек білдіріп шығады. Ата-аналар мен қонақтарға сөз беру, әжелерден бата-тілектерін алу.  Хормен барлық қатысушылардың орындауында Аналар, Әкелер, Әжелерге арналған әндерін орындау. Мейірімділіктің, достық пен махаббаттың жарқын мерекесіне арналған кітап көрмесімен таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.