«Әйел-аяулы жар, ардақты ана, ақ жаулықты әже» атты мерекелік кеш  өткізілді.


Көңілімізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Сырдария аудандық орталық кітапханада аналар мерекесіне арналған   «Әйел-аяулы жар, ардақты ана, ақ жаулықты әже» атты мерекелік кеш  өткізілді. Кешіміздің құрметті конақтары болған кітапхана саласында бірнеше жыл қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнеткерлікке шыққан аналарымыз Матыбаева Раушан, Қамбарова Күлайша, Ізтілеуова алтын апайлар , ардагер ұстаз Роза  апай және Үміт апайлар. Мекеме басшысы Г.Нұржакиева  ардагер аналарды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.Мерекелік шарада кітапхана қызметкерлері ардагер аналарымызға арнап ән-шашуларын ұсынды.   «Бәрі де,Ана бір өзіңнен басталады»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.