«Ардақтайық ананы» атты әдеби-жыр кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7 наурыз күні кітапхананың оқу залында  8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай «Ардақтайық ананы» атты әдеби-жыр кеші мектеп оқушылары,  ұстаздар, ата-аналар, БАҚ өкілдері арасында өткізілді.

        Мәдени шараның мақсаты: Балаларға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихын таныстыру. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Мерекелік көңіл-күйін құру, анасына, әжесіне, апа-қарындастарына сыйластықты тәрбиелеу, махаббат тарту, ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте қатыстыру, тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, адамгершілікке, парасаттылыққа, кішіпейілдікке,  әдептілікке тәрбиелеу. Балалардың өз ойын айтып жеткізе білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін дамыту. Аналардың құрметіне жүрек жарды ақ тілектері мен жылы лебіздері тыңдау. әжелерге сөз беріп, бата-тілектерін алу. Арнайы 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар –асыл жандар» атты  ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерде шолу жасау.