«Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ»  атты денсаулық сағаты өткізілді.


« Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, «бірінші байлық – ден­сау­лық» 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.   Бұл  атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. Денсаулық күнін атап өту,бұл қалың жұртты  өз денсаулығына назар аударту,оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара. Сырдария  аудандық  орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік денсаулық күніне орай  «Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ»  атты денсаулық сағаты өткізілді. Мәдени шара облыстық жастар денсаулығы орталығының дәрігері Алашбаева Д., психологы Молдашева А. облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  маманы  Жаналиева Г., Сырдария аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Тусмағамбетова Г., аудандық емхананың дәрігер инфекционисті Евниева Г., аудандық спорт бөлімінің әдіскерлері Умирбаев Жасұлан, Бакиров Бауыржан және № 36 мектеп-лицейінің оқушылары,ұстаздарының қатысуымен өткізілді. Кітапханашы Абенова Г. кіріспе сөз сөйлеп  Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан,әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет,оны орынсыз ысырап етпеу керек,үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек екендігі жөнінде айтып өтті. Сөз кезегінде облыстық жастар денсаулығы орталығының дәрігері Алашбаева Динара , аудандық емхананың дәрігер инфекционисті Евниева Гүлжан жастарға  денсаулық-адам өмірінің негізгі тұтқасы.Қоғамның болашағы да оның әрбәр мүшесінің денсаулығына байланысты екенін, сондықтан әрбір адамды салауатты өмір сүруге баулу керектігі жайында айтып өтті. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  маманы  Жаналиева Гүлзат  адамның дұрыс тамақтана білу керектігі жөнінде түсініктеме берді, яғни  адам тамақтанудан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне қарай қуат алуы тиіс. Егер адам мөлшерден тыс ішіп-жесе, артық салмақ қосып,нәтижесінде қант диабеті,жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін. Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екендігін бүгінгі медицина саласы ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі  айтып,оқырманға түсіктеме берді.Аудандық спорт бөлімінің әдіскерлері Умирбаев Жасұлан, Бакиров Бауыржан   денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін, сондықтанда жаман әдеттерден аулақ болып,дені сау, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті азаматы болып өсу үшін спортпен айналысу керек екендігін айтып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп,ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден құрметтеген.Әр минут сайын адам өмірін құтқарған, бар күш қайратын салатын және қыл үстіндегі адам тағдырын арашалаушы жандар. Адам өмірінен асқан қымбаттылық жоқ екенін бағалай алатын мамандар.Сырдария аудандық орталық кітапханада осындай маманның иесі болған Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген дәрігер,медицина  ғылымының  докторы, профессор  Абдоллаев  Шәдібай  Нұрғазыұлының туылғанына 90 жыл  толуына орай  «Жадында жүр – өткен өмір белестері»  атты дәрігерді еске алу кеші өткізілді. Мәдени шараға медицина саласының ардагерлері Абдразақова Орынбасар, Сейпулова Жәнімкүл , Қожақов Астрахан,  аудандық  аурухананың   дәрігерлері  Ердаулетов Бектас, Ерімбетов Сексенбай  және кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында  Шәдібай  Абдоллаевтың өмірі мен қызметі таныстырылды.  Келген қонақтар дәрігер жайлы әңгіме өрбітіп, еске алды. «Ортасын өрге сүйреген дәрігер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.