«Достықтың нұрлы шырағы-елдіктің асыл мұраты» атты өзге ұлт өкілдерімен достық кеші өткізілді.


1 мамыр мейрамы қазақстандық патриотизмнің, өз Отанына шынайы берілгендіктің жарқын көрінісіне айналды. Бұл мемлекеттік мереке – Қазақстанда тұратын 100 – ден астам этнос өкілдерінің достығы мен татулығының, ынтымағы мен келісімінің белгісі. Қазақ елі кезінде тарих тауқыметімен ауып келген, бүгінде түрі басқа болғанымен тілегі бір өзге ұлт өкілдерін бауырына басып, татулық пен бірліктің алтын ұясына айналып отыр. 1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Сырдария аудандық орталық кітапханада «Достықтың нұрлы шырағы-елдіктің асыл мұраты» атты өзге ұлт өкілдерімен достық кеші өткізілді. Мәдени шараға жастар,кітапхана оқырмандары және өзге ұлт өкілдерінен келген қонақтар  қатысты. Мақсаты:  Жастарға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Кеш барысында орыс ұлтынан Потолова Ольга, молдован ұлтынан Обухова Нина, татар ұлтынан Кокшарова Шура  және  кәріс ұлтынан Кан Мила: Қазақстан біздің туған Отанымыз. Біздің  ата-бабамызды құшақ жайып қарсы алған киелі мекен біз үшін қастерлі.Жүздеген ұлт пен ұлыстардың басын біріктірген Ұлы мемлекетте  өмір сүргеніміз үшін әрқашан мақтанамыз.Қашанда бірлігіміз жарасқан күйде ғұмыр кешу ата-бабамыз аңсаған асыл мұратымыз деп  айтып өтті. Кітапхана директоры Нұржакиева Гүлстан: Бабаларымыз «Бірлік болмай тірлік болмайтынын» ұрпағына  мәңгілік өсиеттеген.Мұны айтып отырғанымыз, тәуелсіздік алғанымызға биыл 27 жыл. Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастан бірлігі бекем ел болуға үндеп келеді. Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде елдегі жүзден аса ұлт өкілдері береке –бірлікте, тату өмір сүруде.Сондықтан қазақстандықтар үшін бұл мейрамның орны ерекше екенін айтып өтті және мәдени шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап,отбаыларына тек береке-бірлік тіледі. Әуез мектебінен келген өнерпаздар келген қонақтарға өздерінің ән, күйлерін сыйлады. «Қазақстан ынтымағы жарасқан  ұлттар мекені»  атты  кітап көрмесімен кітапханашы Әбенова Гүлдана  таныстырып,  шолу жасады. Нәтижесінде кітапханаға 2 жаңадан оқырман тіркеліп, 5 кітап оқуға берілді.