«Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер» атты патриоттық кеш өткізілді


        Қоғалыкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  7 мамыр- Қ.Р. Отан қорғаушылар күніне орай «Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер» атты патриоттық кеш өткізілді.Патриоттық кешке №44 орта мектептің 10 сынып оқушылары, «Талант» жастар  клубының  мүшелері  және әскеи сынып жетекшісі Н.Қосбақов қатысты. Патриоттық кеш барысында оқушылар Қазақстанның  Карулы Күштері жайлы әдебиеттермен  және қазіргі кезеңдегі жетілген қарулы күштер техникаларымен танысып, ой бөлісті. Пән жетекшісі Н.Қосбақов : -Қазақстанның Қарулы Күштері жайлы қызықты әңгімелер айтып, әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы отан қорғау екендігін айтты. Кеш барысында «Қарулы күштер – біздің айбынымыз!» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке  21 адам қатысып, 4 жаңа оқырман тіркелді