«Ерлікті паш еткен Ұлы Жеңіс» атты ерлік сағаты  ауданымыздың «Тағзым»  алаңында  №210 мектеп оқушылары және ұстаздарының қатысуымен өткізілді.


9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 73 жыл толды. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы  Жеңіс халықтың жадында, елдің тарихында айрықша орын алады..Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.

Жастарға  Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, Ұлы жеңістің мән – маңызы туралы мағлұмат беру; 1941 – 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету; Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; патриотизмге, елжандылыққа, батылдыққа баулу мақсатында  Аудандық орталық кітапханада «Ерлікті паш еткен Ұлы Жеңіс» атты ерлік сағаты  ауданымыздың «Тағзым»  алаңында  №210мектеп оқушылары және ұстаздарының қатысуымен өткізілді.

Мектеп оқушылары  қазақ ақын- жазушыларымыз  Қ. Жұмағалиевтың                                 « Намысынан халқының жаратылған»,   Ж. Өмірбековтың « Жеңіс жыры», Қасым Аманжоловтың « Жауынгер жыры», « Біз – Отанның солдаты»,  Сырбай Мәуленовтың  « Соғыстан қайтқан солдаттар» М. Әлімбаевтың  « Соғыстан соңғы ән» атты өлеңдері оқылды. Шара барысында  « Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.