«Жемқорлық – мемлекеттің беделіне нұсқан келтіретін дерт» атты дөңгелек үстел


Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сырдария аудандық кітапханда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында  «Жемқорлық – мемлекеттің беделіне нұсқан келтіретін дерт»  атты дөңгелек үстел басындағы кезесу кеші өткізілді. Мәдениет және тілдер дамыту бөлім басшысы Ж.Төралиев: Елбасы өзінің жыл сайынғы  жолдауында  жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күресті  жалғастыруды тапсырғандығы жөнінде  және кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе. Сон­дықтан да еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылық­тары­ның бірі осы зұлымдықпен күресу.
Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатыны жөнінде айтып өтті., «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Е.Жақып, Нұр Отан филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа күрес жөніндегі қоғамдық Кеңестің төрағасы Ш.Нүрсейтов-  Өткенімізге көз салсақ, Елба­­сымыздың көреген саясатының ар­қа­сында мемлекетіміздің тамыры терең­ге тартып, нығая түсуіне бағыттал­ған құ­қықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеу­меттік жағдайы түзеліп, әлем мемле­кет­те­рінің ортасынан өз орынын айқын­дады. Бүкіл әлемге өзінің бір­­тұ­тас­­­­тығымен, ажырамас бірлігімен та­ныл­ды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Елбасы­мыздың бастамасын қолдау, бітіспес күрес жүргізу – тек құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтың парызы екндігін түсіндіріп өтті. Ішкі істер бөлімінен Бишекова Сауле, Искакова Алтынай  сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс әрекеттерге қарсы шығу мен құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту тәртібі, тәртіп бұзушылықтың алдын алу мен жол бермеу жолдары туралы ақпарат берді. Агроколледж студенттері және ұстаздары қатысып сыбайлас жемқорлыққа және оның алдын алуға қатысты өз ойларымен бөлісті, сонымен қатар туындаған сұрақтарына нақты жауап алды.  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақтың кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.