«Біз, бақытты баламыз» 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар ертеңгілігі өтті


Аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Біз, бақытты баламыз» 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар ертеңгілігі бастауыш мектеп оқушылары арасында «Балдырған» №35-ші қазақ орта мектебіндегі балалардың тынығу лагерінде акт залында тәлімгерлер мен оқушылар өткізіліп, барлығы 56 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерге қуаныш сыйлап қана қоймай және олар мерекелік іс-шараларға үлкен ықыласпен қатыстыру. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекенің шығу тарихымен таныстыру, балалардың арасынан балаларға арналған әндер айту, түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеу. Әр адамның өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таныту. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда ғана, алдына қойған мақсатына жете алатындығын айту. Адамның жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі бар екендігін айтып түсіндіру. Адамның мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін, Отанын сүюі, танып білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейтіндігін айту. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітапханаға келіп жаңа кітаптармен таныстыру.