Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім, әнұраным- ерлігім» – атты брейн-ринг ойыны өткізілді. Шара «Интеллект» инновациялық жастар клубының мүшелері, № 210 орта-мектептің 9-11 сынып оқушылары және кітапхана қызметкерлерінің қатысуларымен өткізіліп, шараға барлығы 21 адам қатысты. Шараның мақсаты : Жас орқырмандарға аса маңызды мемлекеттік белгілері жайлы айтып насихаттау, рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу және ата заңымызды , отанымыз туралы білімдерін көтеріп, патриоттық сезімдерін ояту. Оқушыларды өз бетіше ізденуге , ойларын , тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шараны пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Әлиева Мәрияш жүргізіп, Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігін, Қазақ елінде тұратын әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қасиет тұтып , жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстауы керек екендігін айтып жан – жақты мағлұматтар беріп өтті. Брейн- ринг «Достық» және «Болашақ» топтарының қатысуымен – 3 кезең бойынша өткізілді. «Қазақстан – Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен асқақ» атты бірінші кезеңде сайыскерлер мемлекеттік рәміздер жайлы сұрақтарға жауап беріп, «Достық» тобы рәміздер жайлы білімдерін көрсете білді. 2-ші кезең «Менің Елім –Тәуелсіз Қазақстан » атты сайыста «Болашақ» тобы 2 сұраққа дұрыс нақты жауап берді. Сайысымыздың соңғы бөлімі « Айбыны асқақ, тұғыры биік – Ұлы Отан» . Бұл кезеңде сайыскерлер Отан туралы мақал- мәтел айтып жарысты, нәтижесінде екі топ та бір- бірінен кем түспеді. Әділқзылар алқасының шешімімен «Достық» тобы 1- ұпаймен алға шықты. Шара соңында «Мемлекеттік рәміздер – киелі құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.