«Жаңа технологиялар –  жаңғыртудың жаңа шарттары» атты әңгіме сағаты өткізілді.


      Қоғалыкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  қазіргі заманғы сұранысқа ие интернет басылымдарын  мектеп оқушыларына таныстыру мақсатында «Жаңа технологиялар –  жаңғыртудың жаңа шарттары» атты әңгіме сағаты өткізілді. Әңгіме сағаты барысында  оқушылар жаңадан келіп түскен интернет басылымдармен танысты.Қазіргі заманғы интернет желілерімен таныс белсенді оқырмандардың бірі- мектеп оқушылары Н. Смағұл, М.Мұхтар, С. Махмудтар интернет басылымдармен қызыға танысып, үйге оқуға жаздырып алып жатты.  Әңгіме сағаты барысында жаңа технологиялармен жабдықталған  Қоғалыкөл ауылдық модельді  кітапханасындағы интернет арқылы да жаңа әдебиеттер алынып, кітапханаға тіркелуге болатынын және т.б да кітапханалармен байланыс жасап, оқырман болуға болатыны жайлы қызықты ақпараттар  берілді. Оқырман оқушылар өздерінің сүйікті кітапханаларының да интернет желісіндегі жетістіктеріне  өз  қуаныштарын жасыра алмады.Әңгіме сағатына орта мектептің 5-6 сынып оқушылары қатысып, барлығы-12 адам қатысты.