«Сырлы да, қазыналы әлем табиғат» атты викториналық ойын болып өтті.


Сырдария аудандық  орталық  кітапхананың  пайдаланушыларға  қызмет  көрсету  бөлімімен және «Интелект» жастар клубының   ұйымдастыуымен  2018 жылдың  маусым айының  14 жұлдызында «Сырлы да, қазыналы әлем табиғат» атты викториналық ойын болып өтті.

Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Сондықтан да, біздің жастарымыз табиғатты қорғауға бір кісідей ат салысатындарына сенімдіміз. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды, ендеше жердің, табиғаттың иесі- болашақ жастар. Біз жастарымыздың белсенділік танытып, білек түре кіріскен игі істерін мақтан тұтамыз.

Шара табиғат аясында «Жалын» тынығу лагерінде демалушылар арасында өтті. Сайыс 4 турдан, екі командадан құрылды. Бірінші команда «Мөлдір бұлақ»,екінші команда «Кемпірқосақ».

1-тур: «Таныстыру» деп аталады. Әр команда өздерің таныстырды. «Мөлдір бұлақ» командасы: «Бар ғалам табиғаттан жаралыпты,адамзат табиғаттан нәр алыпты». «Кемпірқосақ» командасы : «Табиғат біздің анамыз,аялап мәңгі барамыз» деп ұрандарын айтты.

2-тур: «Жұмбақ жәшік»деп аталады.Әр команда кезегімен жәшіктен сұрақ алып жауап береді.

3-тур: «Блиц турнир» Бұл турда екі командаға 20 сұрақтан берілді.сұраққа жылдам жауап беру керек.

4-тур: «Ең ұзақ сөз» деп аталады. Берілген 12 әріптерден ең көп сөз құрастыру тапсырылды.Сөз тек табиғатқа байланысты болу керек.

Әділ қазылар алқасы:

Жағыппаров Тұрар – «Жалын» тынығу лагерінің аға тәлімгері.

Шайхысламов Ерсұлтан – тәлімгер

Қуанышбаева Мақпал – тәлімгер.

Сайыс арасында қатысушы  Зұлбұхарқызы Ұлбике өзінің сүйіп оқитын кітаптарынан Алмас Темірбаевтың «Уақыттың қадірі» өлеңің жатқа оқыды.

Сайыс  барысында «Мөлдір бұлақ» командасы 48 ұпай мен алға шығып жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен алғыс хаттар тапсырылды.