«Ән-жырым сенсің, туған жер!» атты поэзиялық марафоны


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 21 маусым күні  аудандық жазғы «Жалын» тынығу лагерінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа ала отырып,  биылғы жылы аталып өтілетін Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай,  «Жыр-жауһар» поэзия  клубының аясында «Ән-жырым сенсің, туған жер!» атты поэзиялық марафоны  мектеп оқушылары, тәлімгерлер, БАҚ өкілі мен поэзия сүйер қауымы арасында өткізіліп, барлығы 98 адам қатысты.

        Мәдени шараның мақсаты: Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру. Жас  ұрпақтың  бойында  еліне,  Отанына,  жеріне, ұлтына  деген патриоттық  сезімдерін  қалыптастыру,  ұлттық салт – дәстүрді,  еліміздің    мақтаныштарының  оның ішінде жергілікті ақын-жазушыларын, Еңбек Ерлерін, ауданымыздың Құрметті азаматтарын,  ел таныған тұлғаларымызды  үлгі-өнегелерін  құрметтей  білуге  тәрбиелеу.