Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесінен оқырмандар конференциясы өткізілді


            Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  аудандық жазғы «Жалын» тынығу лагерінде мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары, тәлімгерлер, тәрбиешілер, БАҚ өкілдері арасында  жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесінен оқырмандар конференциясы өткізіліп, барлығы 68 адам қатысты.

         Мәдени шараның негізгі мақсаты: балаларды жазушының шығармасын оқыта отырып, шығармашылығымен таныстыру, рухани мұраларымызды насихаттау, жас жеткіншектерді кітап оқуға тарту. Оқырмандар конференциясын өткізу арқылы оқушыларды оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, кітапті қадірлеуге, құрметтеуге, кітапты сүюге тәрбиелеу.

Мәдени шара өткізілетін орында жазушы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұхтар Әуезов – әлем таныған ұлы жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

Мәдени шараны балалар кітапханасының меңгерушісі Майра Балмаганбетова жүргізіп, қазақтың  ұлы жазушысы, ғұлама ғалымы, кемеңгер ойшылы, еліміздің біртуар перзенті  Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 121 жыл толып отырғандығын және  автордың 1928 жылы жазылған «Көксерек» повесінің жарыққа шыққанына 90 жыл толуына байланысты оқырмандар конференциясын ашық деп жариялап, оның негізгі мақсаты мен бағдарламасымен таныстырды.