«Алаштың бақ ордасы – Астана» атты білімділер сайысы өткізілді


Аудандық орталық кітапханада  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасымен сабақтасқан Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Алаштың бақ ордасы – Астана» атты білімділер сайысы студенттер, ұстаздар, кітапхана оқырмандары мен аудан жастарының қатысуымен өткізілді . Мәдени шараның мақсаты:  Жастарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру. Елордамыз Астана туралы жастардың танымдық іс – әрекеттерін қалыптастыру. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Астана туралы деректермен білімін дамыту, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу.

Шара барысында кітапхана кызметкері  оқырмандар назарына Елорданың өткені мен бүгіні туралы баяндап, Астанамыздың тарихымен таныстырды. Қазақстан Республикасының астанасы – Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы, 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілгені туралы ақпарат беріп, ал 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілгенін атап өтті. Студен жастар Шайланова Аружан, Батырханова Айым Елорданы жырға қосқан белгілі ақындар мен жас қаламгерлердің өлең-жырларын оқып берді

 Сырдария аудандық жастар ресурсы орталығынан қатысқан Қамбаров Жасұлан жастарды мерекелерімен құттықтап, Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналғандығын, Астана елдің құт  -береке дарыған  Ақордасы. Қазірдің өзінде миллионға жеткен тұрғыны бар Елорда елдігіміздің, бірлігіміздің ұйытқысы екенін  айтып өтті.

Мәдени шара соңында    «Ел тірегі – Астана» атты кітап көрмесіне  Н. Ә. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», Алдан Смайылдың «Астана ғасырлары», Сәдібек Түгелдің «Жерұйығы елімнің Астана», «Астана» энциклопедиясы және Қазақстанға байланысты жеке саяси кітаптар, «Алматы» мен «Астана» баспаларынан шыққан тарихи кітаптар қойылып, оқырманға таныстырылды

Астанаға арналған сұрақ-жауап ойынына қатысып өз білім деңгейлерін көрсетіп белсенділік танытқан жастарға  алғыс хаттар табысталды.