«Елімнің жүрегі-Астана» атты әдеби-жыр кеші өтті


   Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  2018 жылы шілденің 4 жұлдызында  6 шілде – Астана күніне арналған «Жыр-жауһар» поэзия  клубының аясында «Елімнің жүрегі-Астана» атты әдеби-жыр кеші аудандық жазғы «Жалын» тынығу лагеріндегі демалушы  мектеп оқушылары, тәлімгерлер, тәрбиешілер, БАҚ өкілдері арасында өткізіліп, барлығы 46 адам қатысты.

Мәдени шара өткізілетін орында  «Айбыны асқақ, тұғыры биік Астана»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ зиялыларының дәйек сөздері, түрлі түсті шарлар ілініп безендірілді.

           Мәдени шараның мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру,  елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. Астана – еліміздің бас қаласы екендігін, әр елдің даласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керектігін айтып насихаттап жеткізу болды. Қазақстан, Астана, Отан, қазақтың тарихы туралы қойылатын викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы жастардың және өскелең жас ұрпақтың еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту болды. Ел тарихын білуге, Отанын сүюге, оны құрметтей білетін, еліміздің Мемлекеттік Рәміздерін қастерлеуге, оқушыларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат болуға тәрбиелеу болды. Астана қаласы туралы қазақ ақындарының өлең-жырларын оқушыларға оқыту.