«Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заман дерті» атты дөңгелек үстел 


ҚР Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үздіксіз жүргізіліп келеді.Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заман дерті» атты дөңгелек үстел  басында кездесу кеші өтті.    Шараға кітапхананың оқырмандары,заң қызметкерлері қатысты.Шараның мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз қозқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу,профилактикалық жұмыстарын насихаттау,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып,құқықтық мағлұмат беру мақсатында Қоғам дамуына қолбайлау болар құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлық әлем мемлекеттерін аландатып отырған мәселе,сондықтан,біздің елімізде де оған қарсы күрес жүргізу мемлекеттік саясаттағы бірден-бір күрделі әрі негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Өйткені,бұл экономиканы төмендетіп қана қоймай,елдің әлемдік қауымдастық алдындағы беделін түсіретін әлеуметтік кесел.              Шара соныңда  «Жемқорлық – дамуды тежеуші індет» атты кітап көрмесімен  таныстырылды.