Қазақстанның халық жазушысы,драматург,аудармашы Қалтай Мұхамеджановтың  90 жылдығына арналған «Қазақ драматургиясының абызы» атты бір драматург сағаты өткізілді.


Сырдария аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы,драматург,аудармашы Қалтай Мұхамеджановтың  90 жылдығына арналған «Қазақ драматургиясының абызы» атты бір драматург сағаты өткізілді.Шараға тұрақты оқырмандар,студенттер,ауданның жастары қатысты.Шараның  мақсаты:  Қазақ  әдебиеті  мен  театрының  тарихында  драматургия  жанрының  профессионалдық  тұрғыдан  қалыптасып  өсуіне,     толысып  кемелденуіне,  әлемдік сахна кеңістігінен орын тауыпөрістеуіне   өлшеусіз  зор  үлес  қосқан  атақты  драматург  Қ.Мұхамеджановтың  шығармаларын насихаттау. Шараны кітапханашы АбеноваГ. ашып Қ.Мұхамеджановтың  көркемдік  әлемі – қазіргі қазақ драматургиясы мен   театрындағы  бірегей,тік  шырқау  құбылыстары  санатынан  орын  алатының,мұның  өзі  оның  қазақ     сахнасы мен өнерінің,мәдениетінің  төріндегі  айтулы  орнын  айқын  көрсететінің айтып өтті. Іс-шарада жазушының  сан-салалы  шығармашылығына    талдау,   қоғамдық-әлеуметтік  тақырыптарға  жазған  мақалаларына   шолу  жасалды.

Жастар атақты ақын-жазушылардың Қалтай Мұхамеджановқа  арнап жазған арнау олеңдерін оқыды.Шара сонында « Сөз зергері,сын мергені» атты кітап көрмесі ұымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.