«Конституция – асқақ айбарымыз» атты тақырыптық кеш


30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Аудандық орталық кітапханада «Конституция – асқақ айбарымыз» атты тақырыптық кеш  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі  Ахметов Берік, филиал жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейтов, аудандық жергілікті полиция инспекторы А.Нұрымбетова және кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.Мәдени шараның мақсаты:Кешті аудандық кітапхананың пайдалаушыларға қызмет көрсету бөлім меңгерушісі р.Құлмаханова жүргізді.-Біздің негізгі заң – бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзім ішінде болашаққа серпінді секіріс жасады. Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі-бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі.Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті,-деді.

Сондай-ақ кеш барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі  Ахметов Берік, филиал жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейтов, аудандық жергілікті полиция инспекторы А.Нұрымбетова Ата Заң-еліміздің басты құжаты, мемлекеттің тірегі, айбары екендігіне кең көлемде мағлұмат берді. Биыл  тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңының қабылданғанына 23 жыл толып отыр.Осы жылдар ішінде еліміз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығайып, әлем таныған мемлекетке айнала білді.23 жылдың ішіндекөптеген жаңа заңдар қабылданып, халық игілігіне қызмет етуде.Сол заңдардың қайнар көзі, бастауы – Конституция. Қазақстан мемлекеттік –құқықтық даму бағдарламасын, халықтың өмір сүру жағдайын, адам және азаматтардың құқығы мен бостандығының қорғалуы,  мемлекеттің жоғары билік органдарына қадағалау жүргізіп, бақылап отырады.