«Қазақ тілім, ата-бабам мұрасы» атты білімділер сайысы өткізілді


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақ тілім, ата-бабам мұрасы» атты білімділер сайысы мектеп оқушылары, мұғалімдер, БАҚ өкілдері арасында өткізіліп, барлығы 28 адам қатысты.

Мәдени шара өткізілетін зал мерекеге сай безендіріліп, қазақ зиялыларының тіл туралы дәйек сөздері, түрлі-түсті шарлар іліп, «Қазақ тілі – елдігімнің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Мәдени шараның мақсаты:  Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. оқушыларды жан-жақты білімді болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылу қасиеттерін дамыту. Қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде меңгерген дарынды, озық көшбасшы болуға тәрбиелеу.  Мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, халықтың асыл қазынасы ауыз әдебиетін ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, мұра етуге үндеу.