«Қариясы бар елдің – қазынасы бар»


Дана халқымыз «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» дейді. Қазақ қоғамында ел ағалары қашан да елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Бүгінгі күні еліміздің үлкен жетістіктерге жетіп,дүниежүзіне танылған, стратегиялық тұрғыдан сенімді әріптес, іргелі мемлекет атануына ардагерлердің сіңірген еңбегі зор. Көпті көрген қарияларды құрметтеп, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашанда алдын кеспей, сыйлау-жас ұрпақтың басты міәндеті, бұлжымас борышы. Сырдария аудандық орталық кітапханада 1 қазан қарттар күніне орай кітапхана ардагерлерінің қатысуымен «Қарттар тарих-ел қазына» атты кездесу кеші өткізілді. Іс-шшарада сөз алған Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысы Ж.Төралиев қазыналы қарттарды мерекелерімен құттықтап, Елбасының сарабдал саясатының негізінде қарттарға қамқорлық ұдайы көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ ардақты ардагерлердің еңбегі әрдайым жастар үшін үлгі-өнеге екенін атап көрсетті. Ардақты ардагерлердің ерен еңбектерін ескеріп, құрмет көрсетуді басты мақсат еткен шарада мәдениет саласындағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Р.Матыбаева кітапхана саласынан көрсетіп жатқан құрметтеріне барша ардагерлердің атынан алғыс айтты. Сондай- ақ, өз замандастарын мерекемен құтықтап, отбасыларына бақ-береке тіледі.