Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы


Күн тәртібінде: 2018 жылдың 5 қазандағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау.

Сырдария аудандық орталық кітапхананың оқу залында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері арасында Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы насихаттау мақсатында дөңгелек стол басында сұхбат сағаты өткізіліп, ой өрбітті. Өз сөзінде ОКЖ директоры Г.Сансызбайқызы Елбасының Жолдауы халықтың әл- ауқатын жақсартумен арттыруға және табыс пен тұрмыс сапасына арттыруға аса кең көңіл бөлінген. Мұнда Тәуелсіздік алған жылдардан бергі табыс- жетістіктерге тоқтала отырып, барлық сала бойынша алда тұрған мақсат- міндеттерді атап айтып, солардың ішінде ауыл экономикасын көтеру, білім, денсаулық және мәдениет салаларында үлкен өзгерістер күтілетіндігін айтып таныстырып өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың Дәстүрлі әрбір Жолдауында барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән берілгендігін, соннымен қатар Президент экономикада, қоғам мен мемлекет дамуындағы жаңа сапалық тұрғыдағы деңгейге көтерілуі үшін ой- ниеттер мен іс әрекеттерді біріктіруге ұжымды шақырды. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жылдардағы Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп отып. Қазіргі «7-20-25» , «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты-халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін бүкіл ел болып, халық болып жұмыла кірісетіндігін аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Ә.Қосымова, Р.Құлмаханова, З.Бакова, Р.Махатова, С.Сейтен, Л.Жұмабаевалар нық сенімдерін білдірді.

 КР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында жүйедегі барлық кітапханаларда арнайы іс- шаралардың бағдарламалары жасалып, түрлі мақсатта мәдени шаралар өткізу, көрнекті насихат түрлері, кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелерін ұйымдастыру т.б. жолдары айтылып тапсырылды.