Аудандағы көше кітапханасы


Рухани даму үдерісінің бір құрамдас бөлігі саналатын кітап оқу және кітап алмасу арқылы халықтын жан дүниесін байыту аясында Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен қанатқақты жобаны іске асыру мақсатында «Көше кітапханасы» ашылды. Ауданда алғашқы болып ашылып жатқан көше кітапханасы кітап сүйер оқырмандардың назарын бірден өзіне аударып, қызығушылығын арттырды. Бұл рухани жаңғыру шарасының ашылу салтанатына ауданымыздың құрметті ардагерлері: Елеусинов Мектепхан, Шерімбетов Райымхан, Әбдреймов Алмас ағайлар қатысып өздері сүйіп оқыған кітаптарын көше кітапханасына тарту етті. Уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, парасаттылықтың негізі саналатын кітапты оқуға бар халықты, жастарды Шахарбек Балтабайұлы шақырды. Көше кітапханасының сөресі аудан орталығындағы Қонаев көшесінде орналасқан. Алдағы уақытта аудан тұрғындары өздері ұнатқан кітаптарын оқуға ,алып кетуге болады және кейін қайтарып немесе орнына басқа кітаппен ауыстырып оқуына болады. Көше кітапханасының жұмыс уақыты шектеусіз, демалыссыз. Біз кітап оқумен рахаттанатын және өмір бойы кітап оқуға талап-танатын оқырмандарды қолдаймыз және де қошеметпен қарсы алатындығын кітапхана директоры Гүлстан Саңсызбайқызы айтып, кітап оқуға, аудан тұрғындарын шақырды.