«Елбасы Жолдауы – табысты елге айналудың айқын бағдары» атты дөңгелек үстел өткізілді.


Сырдария аудандық орталық кітапханада  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған « Қазақстандықтардың әл-әуқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында   «Елбасы Жолдауы – табысты елге айналудың айқын бағдары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді кітапханашы Құлмаханова ашып,  жаңа міндеттерді атқаруды жүктейтін Жолдау әрқайсысы бірнеше міндеттерді жүзеге асыруды талап ететін әл-ауқатымыздың алты қадамын айтып өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбенов Хайрулла ағай – Елбасының бұған дейінгі Жолдаулары еліміздің алдындағы стратегиялық  міндеттерді айқындауға бағытталса, биылғы Жодаудың басты ерекшелігі- ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік  жағдайын  жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы  әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағыталғндығын айтып өтті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жақып Еркебұлан- Елбасының Жолдауы негізінен елдің табысын арттырып,, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр.Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы да еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді. Аталған жолдауда экономикалық даму,адам денсаулығын  нығайту, білім сапасын жақсарту сияты еліміз үшін маңызды бастамалар бар екендігі жөнінде айтып өтті.  №210 мектеп Тарих пәнінің мұғалімі Жанар Шәкизадақызы, жастар  ресурстық  орталығынның маманы  Сауле Сыздықова      – Елбасымыз 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарилады, демек, еліміздің барлық жалынды жастарына деген қамқорлық пен  қызығушылықтарын көрсету барысында, жастарға барлық жағдай жасалынады деген сөз. Атап айтсақ,білім беру деңгейі мен жұмыс орнына орналасу жағдайына көбірек көңіл  бөлініп, жастарымыздың алға нақты қадам басуға мүмкіншіліктер орын алады –деп  өз ойларын ортаға салды.