«Тапқыр болсаң,озып көр» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.


Сырдария  аудандық орталық кітапхананың пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен № 35 мектеп-лицейінің оқушылары арасында  «Тапқыр болсаң,озып көр» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.   Сайыс бес кезең бойынша өткізілді 1.« Таныстыру», 2« Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезең», 3.« Сен білесің бе?», 4.« Аударыспақ», 5.« Жеті жұрттың тілін біл» .Сайыстың өткізілу мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге,ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сайыста оқушылар «Білімділер», «Тапқырлар»  тобы болып екіге бөлінді. Әр кезең бойынша  оқушылар өздерінің білімділіктерін, тапқырлықтарын көрсете білді.. Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып,жеңімпаздар анықталып, «Тапқырлар» тобы алға шықты.Сайыс соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттап,диплом мен алғыс хат табыстады.