«Экология – басымды мәселелердің бірі» атты экология сағаты өткізілді.


Сырдария аудандық орталық кітапханада кітапхана оқырмандары, мектеп оқушыларының қатысуымен «Экология – басымды мәселелердің бірі» атты экология сағаты өткізілді.      Мақсаты:   Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету. Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.

Шара барысында оқырмандар қазіргі заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі — экология жайында біршама сөз қозғап, өз ойларын ортаға салды. Кітапханашы М.Әлиева – Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отырғандығы, қазіргі кездегі өнеркәсіптің өркендеуі, халық санының артуы, тұрғындардың ірі қалалардың маңына шоғырлануы – экологиялық жағдайлардың күннен-күнге шиеленісе түсуіне әсер етуде. Әсіресе, ауа райының ғаламдық деңгейде жылынуы, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттардың ластануы, тропикалық ормандардың қарқынды түрде қырқылуы, тірі организмдердің түр санының азаюы және тағы басқа жағдайлар бүкіл адамзатты алаңдатып отырғаны да ақиқат. Жер шарының көп аймақтарында ауыз судың тапшылығы шектен тыс құрғақшылық, өте күшті су тасқындары, сұрапыл дауылдар, орасан көлемдегі өрттердің бәрі де ғаламшардың ғаламдық деңгейде жылынуының әсерінен болуда деген пікір қалыптасып отырғандығы жайында айтып өтті. Сонымен қатар мектеп оқушылары: Б.Аймағамбетова,Ә. Зейнұр – Ауданымызда қоршаған орта, ауа үй айналасындағы неше жылғы жиналған керексіз қоқыстар, тамақ қалдықтары түрлі ылғалдық, микробтардың әсерінен шіріп, зиянды заттар,үнамсыз иістер ауаға таралады,машинадан шығатын жағымсыз иістер де ауаға таралады.Сондықтан ауданымыздың экологиясын жақсарту үшін үйдің айналасын таза ұстап, үй маңына ағаштар отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге өз үлесімізді қоса аламыз. Ол үшін халықта бірлік болу керек. Бірлік болса ғана көп нәрседен нәтиже шығады-деп өз ойларын ортаға салды. Шара соңында «Табиғат.Адам және экология» атты кітап көрмес іұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.