«Күй тәңірі – Құрманғазы» атты бір күйші сағаты өткізілді


Сырдария аудандық орталық кітапханада Ұлтымыздың ұлттық мұрасын әлемге паш еткен күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Күй тәңірі – Құрманғазы» атты бір күйші сағаты кітапхана оқырмандары, әуез мектебінің ұстаздарының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Құрманғазы Сағырбайұлының өнерін насихаттау арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеу.

Мәдени шараны кітапханашы Г.Әбенова жүргізіп,-Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Кемелдену мұраға мұқият қараудан басталады» атты еңбегінде: «Бізде адамзат меншігіне айналған рухани қазыналар бар. Сондай әлемдік туындының қатарына Құрманғазы бабамыздың күйлері де жатады» – деп жазған болатын. Күй ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дү­ние­ге әкел­ген көр­кем құн­ды­­­лық­тардың шы­ңы. Ал Құр­манғазы ұлт мә­де­ниетінің асыл қазынасына өл­шеу­сіз үлес қосқан, әлемдік дең­гей­­ге шығар­ған өнер иесі. Хал­қы­­­мыз үшін күй мен Құр­манғазы есімі бір-бірі­мен ас­тасып кеткен ұғым. Ол ұлтымызға, елімізге ор­тақ, адамзат мәдениетінің та­ри­хын­­да өшпес із қалдырған тұлға.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елба­сы Құрманғазының күйлері ғасыр­лар қойнауынан жеткен бабалар үні екенін атап көр­сет­кен. Халқымыз үшін Құрманғазы десе күй, күй десе Құрманғазы еске түсетін, бір-бірімен астасып кеткен егіз ұғым. Құрманғазының шығармалары – күй тілімен жазылған қазақ өмірінің шежіресі екендігі жөнінде айтып өтті. Шара брысында әуез мектебінің ұстазы А.Ахметов, Кент мәдениет үйінің  қызметкері  Е.Сағымбайұлы Құрманғазының «Сарыарқа», «Серпер»,  «Кішкентай», «Балбырауын» күйлерін орындап берді.