Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туылғанына 120 жыл толуына орай «Ғибратты ғұмыр иесі» атты портрет кеш


Сырдария аудандық орталық кітапханада Қазақстанның білімі мен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін өркендетуге ерекше еңбек сіңірген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиетші-журналист Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туылғанына 120 жыл толуына орай «Ғибратты  ғұмыр иесі» атты портрет кеші кітапхана оқырмандары, колледж студенттерімен өткізілді.Мәдени шараның мақсаты:  Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің өмірі мен рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу, Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін қалыптастырып, дамытудағы еңбек жолын насихаттау.

Кеш барысында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов өмірі мен қызметі жайлы мағлұмат берілді. «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» тақырыбында кітап көрмесі жасалды.

Көрмеге Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылып, оқырманға таныстырылды.