1 желтоқсан – Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты тақырыптық кеш


Сырдария аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында  1 желтоқсан – Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Шараны кітапхана қызметкері жүргізіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен,  Қазақстанды әлемге таныту жолында жүргізіп жатқан ерен еңбектерін   айтып өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығының  менеджері  Қасымбекова Нұргүл  -Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 27 жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық екенін айтып өтті. Шара соңында «Елбасы –елдің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.