«Бірінші байлық денсаулық» атты ойын-треннингі өтті


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бірінші байлық денсаулық» атты ойын-треннингің О.Әбілпатаев атыңдағы №210 мектептің 5 а және 5 б сынып оқушылары және денсаулық саласының қызметкерлері арасында өткізілді.

Мәдени шараның мақсаты:Қазақстан 2030 бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден бойларын аулақ ұстап, оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.Денсаулықты кутуге, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Мәдени шараны кітапханашы Ж.Оразымбетова кіріспе сөзбен ашып«Басты байлық-денсаулық»деген сөздің астарында үлкен мағына жатқандығын, адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ екенің айтып, еліміздің болашағы- бүгінгі бүлдіршіндер. Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды екенің айта кетті.
Шара барысында денсаулық саласының маманы Г.Жаналиева тамақтану ережелірімен және тамақтан алатын дәрумендермен таңысытырып , Зиянды және пайдалы тағамдар туралы айтып өтті.Шара барысында оқушылар Үсенова Айсулу,Асанова Көркем, Әріпханова Зере, Кеңесбаева Қарақат т.б. жеміс-жидек, көкініс туралы мақал-мәтелдер және қазақ ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқыды.
Шара сонында кітапханашы Асан Г. «Дені сау ұрпақ ұлт болашағы» атты кітап көрмесіме таныстырып, библиографиялық шолу жасады.Нәтижесінде кітапханаға 1 жаңа оқырман тіркелді.