«Өнері өрден, орны төрден – Сырдария» атты кең көлемді кітап көрмесі


Ауданымызда өткен «Заңғар ақын – Замаддин» атты үлкен мәдени шарада Сырдария аудандық орталық кітапхана «Өнері өрден, орны төрден – Сырдария» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілік қауым назарына ұсынды. Көрмеге Сыр елінде дүниеге келіп, кіндік қаны тамған әдебиет алыптары, өнер тарландары сонымен қатар мәдени шараның өзегі болған Замаддин ақынның өмірі мен шығармашылығы қойылды. Жыр жампозы Замаддин Ибадуллаев «Ақжарма жырлары», «Жылдар мен жырлар», «Бағдары ауған пенделер» атты кітаптардың авторы, сонымен қатар түре айтысының түңлігін түрген, қайым айтыстан қалыспаған, әсіресе өтірік айтыс жанрының үздігі. Ол сонымен қатар «Көрұғлы», «Әзіретәлі мен Дариға қыздың күресі», «Жүсіп Зылиха» секілді т.б. бірнеше қисса дастандарды ел алдында шырқап, жұртшылыққа рухани қуат сыйлаған жыршы да.