«Елбасы Жолдауы – табысты елге айналудың айқын бағдары» атты дөңгелек стөл өтті


Қаңтар айының 25-ші жұлдызында Сырдария аудандық орталық кітапханасында «Елбасы Жолдауы – табысты елге айналудың айқын бағдары» атты дөңгелек стөл өтті. Мәдени шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов, кітапхананың тұрақты оқырмандары спорт ардагері М.Елеусінов, «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Ш.Нұрсейтов, дәрігер маман Г.Жаналиева мен агроколледж студенттерін шараға ұйымдастырып әкелген А.Нәбиевалар қатысты. Шара барысында Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы – тарихи құжат болып саналатынын және әрбір жолдау – егемен елімізді одан әрі дамытудың биік табыстарғы жеткізудің айқын жолы екені нақты дәлелдерге сүйене отыра айтылып, жастардың көкірек сарайларына қондырылды. Осы орайда әсіресе биылғы «Жастар жылы» баса айтылып, оларға деген зор сенім білдірілді.