«Bilim Ortalygy» (Коворкинг) орталығы Ақжарма ауылдық кітапханасында ашылды.


Рухани ақпараттық білім беру орталығы саналатын Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде тағы да бір «Bilim Ortalygy» (Коворкинг) орталығы Ақжарма ауылдық кітапханасында ашылды. Ашылу рәсіміне ауыл әкімдігінің заңгері, Жастар орталығының әдіскері, Абай атындағы № 130 орта мектебінің ұстаздары және ауыл ардагері, ауыл белсенділері мен кітапқұмарлар мен мектеп оқушылары қатысты. Орталықтың ашылу салтанатында ардагер Жанқуатова Вера және № 130 орта мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Нұртай Алмат құттықтап, орталықтың ашылу рәсіміндегі дәстүрлі лентасын кесті. Оқырман Қайратқызы Анель ақын Көзейбай Қанаттың кітапханаға арнау өлеңін оқыды. Одан кейін ауылдық кітапхананың кітапханашысы Ақмарал Айқынбаева жиналғандарға Коворкинг-орталығының жүйелі жұмыстарының тәртібімен және оның алға қойған мақсаты мен міндетімен таныстырды. Сонымен қатар Жастар орталығының әдіскері Асқарова Перизат ауыл жастарын бірлесе, ақылдаса жұмыс істеуіне, тренингтер мен түрлі бас қосулар өткізілуіне қолайлы орын екенін айтып,бірлесе жұмыс жасауға шақырды.