“Ұлы даланың жеті қыры – ұлт рухын көтеретін ұлы құндылық ” атты рухани-танымдық кешін өткізді.


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері № 210 мектептің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары арасында “Ұлы даланың жеті қыры – ұлт рухын көтеретін ұлы құндылық ” атты рухани-танымдық кешін өткізді. Кешке сонымен қатар “Тіршілік тынысы” газетінің тілшісі Ш.Нұрсейітов қатысып, келелі әңгімесін қозғаса, мәдениет үйінің белді мүшесі, әнші Н.Бекшаева “Алматым менің” атты өлеңін айтып, аудандық аурухана қызметкері Айтбаев Бақтөре өзінің жүрек жарды жыр жолдарын арнау арқылы, мәдени шараның ажарын аша түсті.