«Рухани жаңғыру – ой –сананың кемелденуі» атты тақырыптық кеш


Үстіміздегі жылдың ақпан айының 6 жұлдызында  Сырдария аудандық оталық кітапханада «Рухани жаңғыру – ой –сананың кемелденуі» атты тақырыптық кеш №35 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Мәден шарада Рухани жаңғыру айнасында жарқ етіп сәуле шашқан, Сыр бойының ардақты тұлғалары: найзаның ұшымен, білектің күшімен ел қорғаған ер баба Текей Қарпықұлы, шешен тілді би Шортанбай Ерубайұлы, топты жарған ақын қыз Ұлбике Жанкелдіқызы, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Жолдасбек Нұрымов жайлы  кеңінен айтылып,жастар үшін қажетті көптеген мағлұматтар берілді.