«Ауған жауынгерлерінің ерлігі-бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге» атты кездесу  кеші өтті


Сырдария аудандық балалар кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған жауынгерлерінің ерлігі-бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге» атты кездесу  кеші ұйымдастырылып өткізілді. Мәдени шараға  №35 мектеп –лицейінің 6 сынып оқушылары және Ауған ардагері Байтұрғанов Ғалымжан ағай қатысты.

 Мақсаты: Отан алдындағы жауынгерлік  борышын өтеу барысында жат жерде жан тапсырып, құрбан болған боздақтардың есімдерін халық жадында міңгілік қалдыру және оқ пен оттың ортасынан аман оралып, бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамуына жан-жақты атсалысып, үлес қосып жүрген Ауған соғысы ардагерлерін халқымызға, оның ішінде жастарға насихаттап, кешегі ерліктерімен қоса, бүгінгі бейбіт өмірдегі еңбектерін, атқарып жүрген кәсіби, қоғамдық қызметтерін көпшіліктің назарына ұсыну, егемен еліміздің жас ұрпағы алдыңғы ағалар жолының ерлік шежіресімен таныстыру, олардың отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу.

Шараны кітапханашы Ж. Оразымбетова жургізіп , кіріспе сөзбен ашты.Н.Ә.Назарбаев «Жалпақ жұртынды, исі алашынды құрметтеу, алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.-деп жастарды отаншылдық, патриоттық рухта тәрбиелеуге басты мән беріліп келеді. Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген, рухы биік, ержүрек те қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады.Біздің халқымыздың ерлік дәстүрлері ата-бабаларымыздың ерте заманда найзаның ұшы, білектің күшімен елін, жерін қорғаудан бастап, одан бергі небір соғыс зобаңдарында берік қалыптасты деп келе Ауғаннан оралмаған Отандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық деп шараны жалғастырды.

Шара барысында балалар кітапханасының кішкентай оқырманы, Астана қаласында өткізілген халықаралық ән-би байқауының жеңімпазыТөребеков Асанәлі «Ассалаумалейкум»  және «Қазақ елі» атты өлеңдерін айтып берді.Сондай-ақ өскелен ұрпақ келген қонаққа дайындап келген сұрақтарын қойып, қазақ ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа айтты. Айтып өтсек Мәлікқызы Аңсаған  Шарапов Олжастың «Ұрпаққа аманат»  Бектасова Асылай кезекті М. Сергеевтің «Жауынгер хаты», Смағұл Бақытбектің «Зарлы шер паншер» Пернебаева Ақмарал, Әбілда Аймақтың «Ауған соғысы ардагерлерінің гимні» Мухамеджанов Нұрмухаммед, К. Кононенконың «Я бы л у матери один» Алмасова Азиза, Смағұл Бақытбектің «Соңғы хат» атты өлеңдерін Тәжіханова Балнұр

Шара сонында «Жан жарасына айналған Ауғанстан» атты қітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Нәтижесінде кітапханаға бір жаңа оқырман тіркелді.